Елімізде ұстаздарға арналған "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауы басталды

5227

Өтінімдер 10 қазанға дейін қабылданады.

Елімізде ұстаздарға арналған "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауы басталды Фото: google.com

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Конкурсқа жеке немесе 3 адамнан аспайтын авторлық топпен қатысуға болады. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының айтуынша, педагогтер бейне түріндегі авторлық жұмыстарын 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады. Олар:

·       мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін ерте сауаттылық;

·       оқу сауаттылығы;

·       математикалық сауаттылық;

·       жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;

·       цифрлық сауаттылық;

·       медиа-ақпараттық сауаттылық;

·       қаржылық сауаттылық;

·       экологиялық сауаттылық;

·       денсаулық сақтау сауаттылығы;

·       әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық;

·       мәдениетаралық сауаттылық;

·       азаматтық-құқықтық сауаттылық.

"Мұғалімдер дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, сандық білім беру ресурсы және бейне подкаст жұмыстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсына алады. Конкурсқа қатысу өтінімдері https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 10 қазанға дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалдарынан алуға болады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу