"Жасыл даму" АҚ орман және жануарлар дүниесін қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға 8,5 млрд теңгеден астам қаржы құйды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– 6,19 млрд теңгеден астам қаржы орман өртін ерте анықтау жүйесін жетілдіруге бағытталды. Қаражат "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы бөлінді, – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Заманауи бағдарламалық-аппараттық кешен еліміздің бірнеше өңірінде енгізілді:
Ақмола облысында:
- "Куйбышев орман шаруашылығы";
- "Бұқпа орман шаруашылығы";
- "Ақкөл орман шаруашылығы";
- "Краснобор орман шаруашылығы";
- "Кеңес орман шаруашылығы".
Астана қаласында – "Жасыл аймақ" мекемесі;
Қостанай облысында – "Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы".
– Аталған жүйе орман жағдайын тұрақты бақылауға және өрт ошағын жедел анықтауға арналған. Ұйым өкілдері аталған технологияны енгізу өрт қаупі жоғары маусымда орман және дала өртінен келетін залалды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін айтып отыр. Сонымен қатар, кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен "Жасыл даму" АҚ табиғатты қорғау құрылымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға 2,41 млрд теңге бөлді. Қаражат техникалық регламентте белгіленген экологиялық талаптарға сай отандық техниканы сатып алуға жұмсалды. Ол жерде жол талғамайтын көліктер, өткізгіштігі жоғары жүк автомобильдері (оның ішінде рефрижератор-тушевоздар), сондай-ақ тіркемелі жабдығы бар дөңгелекті тракторлар кірді. Барлық техника жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану жұмыстарымен айналысатын арнайы ұйымдарға берілді, – деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Жасыл даму" АҚ алдағы уақытта заманауи технологияны енгізу, инфрақұрылымды жаңғырту және қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.