Елімізде "Уылдырық шашу" балық қорғау акциясы басталады

119

Өңірлік және климаттық ерекшеліктерге орай акция сәуір-мамыр айлары аралығында әр түрлі уақытта өтеді.  

Елімізде "Уылдырық шашу" балық қорғау акциясы басталады Фото: gov.kz

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған "Уылдырық шашу" дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.

Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Есіл, Зайсан-Ертіс, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының басшыларына балық қорларын қорғау жөніндегі шараларды күшейту тапсырылды. Браконьерлікпен күреске, уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салудың сақталуын бақылауға, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге басты назар аударылатын болады.

Акция аясында рейдтік іс-шаралар, су айдындарының мониторингі және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексеру жоспарланған. ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті балықшылар мен азаматтарды белгіленген шектеулерді сақтауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу