Елімізде үздік бизнес өкілдерін анықтайтын "Парыз-2023" байқауы басталды

514

Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым бойынша өзара үздікті анықтайды.

Елімізде үздік бизнес өкілдерін анықтайтын "Парыз-2023" байқауы басталды Фото: Qazaqstan.tv

2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" байқауы басталды. Ол халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін бизнестің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым бойынша өзара үздікті анықтайды. Атап айтқанда:

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын";

"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын;

"Үздік ұжымдық шарт";

 "Экологияға қосқан үлесі үшін".

Сондай-ақ байқау аясында "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы табысталады.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

өңірлік кезең;

республикалық кезең.

Байқауға қатысу тегін.

Үміткерлер материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу