Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша, 506,8 мың жалдамалы қызметкер "бір ай жұмыс, бір ай демалыс" кестесімен өмір сүруде. Бұл жұмыскерлердің төрттен үші ауыл тұрғындары, ал қала тұрғындары үлесі тек 25,7%-ын құрайды.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің 60,5%-ы өз облыстарының жерінде еңбек етіп жатса, 37,7%-ы басқа өңірлерге қатынап қызмет атқарады.
Алматы мен Астанада жарияланған вахталық бос жұмыс орындарының 16,5%-ы осы қалаларға тиесілі деп көрсетілген. Алайда бұл лауазымдардың нақты орындары көбіне Қарағанды, Атырау және басқа облыстардағы шалғай нысандарда орналасқан. Мұндай жұмыстар үшін орташа жалақы 250–300 мың теңге аралығында.
Жұмыс берушілер вахталық әдіспен жұмыс істеуге көбіне техникалық және жұмысшы мамандарды іздейді. Көп жағдайда вахталық жұмысқа ұсынылатын жалақы осындай қызметтегі тұрақты жұмысқа қарағанда әлдеқайда жоғары.
2024 жылдың қаңтар–мамыр айларында жалпы жұмысшының (разнорабочий) вахталық бос орны бойынша орташа жалақысы 408,4 мың теңге болыпты. Негізі ел бойынша қарапайым көмекші жұмысшының орташа жалақысы — 186,5 мың теңге.
Ең жоғары жалақы ұсынылатын вахталық мамандықтар қатарында мұнай-газ саласындағы бұрғылаушылар, машинистер, бұрғылау қондырғысының шеберлері тұр. Атырау облысында олардың жалақысы 1 миллион теңгеге дейін жетеді.
Шалғайдағы кәсіпорындарға су жеткізумен айналысатын күк көлігінің жүргізушілері 600 мың теңгеге жуық алады.