Елімізде вакцина алғандар саны 12 млн-ға жуықтады

909

СOVID-19 вирусы мен пневмониядан 141 адам қайтыс болды.

Елімізде вакцина алғандар саны 12 млн-ға жуықтады

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпені 11 млн 619 мың 575 адам салдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, СOVID-19-ға қарсы 
вакцинаның бірінші компонентін 6 млн 466 мың 823 адам, екінші компонентін 5 млн 152 мың 752 адам салдырған.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 6 358 жағдай тіркелді. Осылайша, СOVID-19 жұқтырғандар саны 761 249-ға жетті.

9 748 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 641 249 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

26 тамыздағы мәлімет бойынша 117 566 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 141 адам көз жұмды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл аймақта": Түркістан облысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу