Елімізде вакцина салдырғандардың саны 2,4 млн адамнан асты

766

COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде вакцина салдырғандардың саны 2,4 млн адамнан асты

2021 жылғы  11 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай: 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы; 
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;
 "Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Жалпы Қазақстанда өткен тәулікте 1120  адам коронавирусқа шалдыққан. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында -  205;
Алматы қаласында – 137; 
Шымкент қаласында – 40;
Ақмола облысында – 50;
Ақтөбе облысында – 20;
Алматы облысында – 55;
Атырау облысында – 63; 
Шығыс Қазақстан облысында – 88; 
Жамбыл облысында – 32;
Батыс Қазақстан облысында – 86;
Қарағанды облысында – 173;
Қостанай облысында – 35;
Қызылорда облысында – 18;
Маңғыстау облысында – 47;
Павлодар облысында – 37;
Солтүстік Қазақстан облысында – 21;
Түркістан облысында - 13.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 399 096 адамға жетті.

Сонымен қатар елде 10 маусымда 1 656 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Нұр-Сұлтан қаласында – 217; 
Алматы қаласында – 198; 
Шымкент қаласында – 194;
Ақмола облысында – 90; 
Ақтөбе облысында – 85;
Алматы облысында – 50;
Атырау облысында – 112;
Шығыс Қазақстан облысында – 72;
Жамбыл облысында – 0;
Батыс Қазақстан облысында – 115;
Қарағанды облысында – 212;
Қостанай облысында -117;
Қызылорда облысында – 14;
Маңғыстау облысында – 35;
Павлодар облысында – 91;
Солтүстік Қазақстан облысында – 31;
Түркістан облысында - 23.

Елімізде барлығы 374 070 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2021 жылғы 11 маусымдағы мәлімет бойынша вакцинаның I компонентін 2 416 430 адам, ал II компонентін 1 297 662 адам салдырған.

11 маусымдағы мәлімет бойынша 21 951 адам коронавирус инфекциясынан (20 890 КВИ+ және 1 061 КВИ-) емделіп жатыр.Оолардың ішінде 7 368 пациент стационарда орналасса, 14 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 521 адамның жағдайы ауыр болса, 111 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал 79 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу