Елімізде взвод сержанттары жаңа бағдарлама бойынша оқытылады

1217

Елімізде взвод сержанттары жаңа бағдарлама бойынша оқытылады

Қорғаныс министрлігіне қарасты Кадет корпусының базасында Қарулы Күштердің әскерлеріндегі взвод сержанттарының біліктілігін арттыру курстары өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 Қазіргі кезде 40-тан астам сержант оқуда, түрлі буын бойынша аталған курста жалпы 500 сержантты оқыту жоспарланып отыр.

Оқыту курсының мерзімі бір ай. Осы уақыт аралығында взвод сержанттары кәсіби деңгейін, біліктілігін арттырып, атқаратын лауазымы ауқымында әскери білімі мен машықтанған дағдыларын толықтыруы тиіс.

Қарулы Күштердің бас сержанты – ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов атап өткендей, ағымдағы жылы взвод сержанттарының курсы жаңа, жетілдірілген бағдарлама арқылы жүргізіледі. Бағдарламаға сержанттар корпусының құрылуы мен дамуы, жетекшілік ету, кеңес беру, даярлық әдістемесі мен сабақтар жүргізу және басқа да тақырыптар енгізілді. Кәсіби армия ахуалы жалпы еліміздің Қарулы Күштерін әрі қарай дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылатындықтан оқыту бағдарламасы сержанттар корпусының өкілдерін жан-жақты дамытуға арналды.

Аталған курстық даярлық әскери қызметшілерді кәсіби тұрғыда оқыту түрі болып саналады. Бүгінгі күні Қарулы Күштердің сержанттар корпусы үшін: сержанттардың базалық курсынан бастап рота, батарея, батальон мен дивизион, штаб, бригада, база және полк сержанттарының курстарына дейінгі 7 деңгей қарастырылған. Оқытудың бұл түрі оқу-жаттығу орталықтары мен әскери бөлімдерде, ҚР ҚМ Кадет корпусында және жоғары әскери оқу орындарында жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу