Елімізде ядролық медицина орталықтарын салу мен пайдалануда қиындықтар туып отыр

539

Сенат отырысында Премьер-Министрге сауал жолдаған депутат Айнұр Арғынбекова онкологиялық қызметті жаңғыртудың өзекті мәселелеріне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz. 

Елімізде ядролық медицина орталықтарын салу мен пайдалануда қиындықтар туып отыр Фото: Егемен Қазақстан

Сенатор елімізде радиация қауіпсіздігін бақылаудың сапасыздығына баса наразы аударып отыр. Оның сөзінше құзырлы органдар, атап айтқанда Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті мен  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан ядролық медицина нысандарын салуға байланысты жобаларға ешқандай бақылау жүргізілмейді.

Оның сөзінше, бұл проблемалар радиация қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына әкеліп соғады. Соның салдарынан науқастар мен қызметкерлер ғана емес, жалпы халықтың денсаулығына зиян келуі қаупі бар.

 "GMP талаптары мен МАГАТЭ ұсынымдарын ескере отырып, иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын денсаулық сақтау объектілерін, сондай-ақ фармацевтикалық өндіріс объектілерін жобалау және салу жөніндегі "Ережелер жинағын" әзірлеу және бекіту қажет. Ядролық медицина объектілерін салу жөніндегі барлық жобаларға Қазақстандағы радиациялық қауіпсіздікке байланысты кез келген қызметке лицензия беруші ретінде Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің міндетті салалық қорытындысы қажет", - деді сенатор Айнұр Арғынбекова.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу