Елімізде заңды түрде 15,7 мыңнан астам шетелдік еңбек етіп жүр

874

Шет мемлекеттен келіп, табыс тауып жүргендердің ішінде ең көбі қытайлықтар.

Елімізде заңды түрде 15,7 мыңнан астам шетелдік еңбек етіп жүр

Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істеп жүр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 шілдедегі жағдай бойынша олардың саны 15 796 дейді. Бұл жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен еңбек етіп жүргендер.

Айта кетсек, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құраған.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 651 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 281 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 600 адам және 410 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 939 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1915 адам тартылған.

Қазіргі уақытта шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 793 жұмыс беруші бар екен.

Еңбек министрллігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанға келетін еңбекші мигранттардың ең көбі қытайлықтар – 3 782 адам. Одан кейінгі орында өзбекстандықтар – 1 953 адам, Түркиядан – 1 633 адам, Үндістаннан – 1 051 адам, Венгриядан – 992 адам, Ұлыбританиядан 959 адам келіп табыс тауып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу