Елімізде заңсыз ақша айналымына қатысты қылмыстар саны 2 есе артты

742

Ең жоғары көрсеткіш Нұр-Сұлтанда тіркелген.  

Елімізде заңсыз ақша айналымына қатысты қылмыстар саны 2 есе артты

 

 

 

2020 жылдың 13 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады finprom.kz.

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде заңсыз жолмен келген ақшаны заңдастыру бойынша 29 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе жоғары көрсеткіш. 

Жыл басынан бері "Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де көмек көрсету" бабы бойынша 2 заң бұзушылық анықталды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде мұндай 1 ғана іс қозғалған.  

Ал өңірлер бойынша алып қарайтын болсақ, қылмыстық жолмен келген ақша мен мүлікті заңдастыру бойынша ең көп заң бұзушылық елордада (8), одан кейін Павлодар облысында (4) және Алматыда (3) тіркелген. 

Еске сала кетсек, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде Нұр-Сұлтанда мұндай  4 заң бұзушылық анықталса, Алматы мен Павлодар облысында бұл бап бойынша мүлде құқық бұзушылық болмаған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу