Елімізде заңсыз жүрген Қытай азаматы анықталды

1195

"Мигрант" іс-шарасы барысында полицейлер еліміздің көші-қоны туралы заңды бұзған 40 жастағы қытайлықты анықтады. 

Елімізде заңсыз жүрген Қытай азаматы анықталды

Павлодарда Қытай азаматы заңсыз жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Ер адамның тұрғылықты жері болмаған. 2002 жылы ол Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген. Азамат Шығыс Қазақстан облысындағы фирмалардың бірінде еңбек етпек болған. Ал 2006 жылы Семей қаласына көшіп, онда Қазақстан азаматына үйленіп, 2 қыздың әкесі атанған", - дейді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Уәлиев.

Қытай азаматының айтуынша, ол 2021 жылдың қаңтарында Павлодарға жұмыс істеуге келген.

"Осы уақытқа дейін Қазақстанда қабылдаушы адамдардың шақыруымен тұрып келдім. Балаларым кішкентай. Қытайға бара алмаймын. Сондықтан Қазақстанда қалуды ұйғардым", - дейді ол.

Бұл факт негізінде полиция ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің
517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тиісті шешімді қабылдау үшін іс мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу