Елімізде запастағы 16-60 жас аралығындағы ер азаматтар бір жүйеге енгізілді

363

Ақпараттық жүйедегі есепке сәйкес қазір 3,6 млн азамат әскери міндетін өтеуге тиіс.

Елімізде запастағы 16-60 жас аралығындағы ер азаматтар бір жүйеге енгізілді Фото: akorda.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі 16-60 жас аралығындағы запастағы азаматтардың электрондық есебін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе әзірледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бұрын әскери есепке алу қағазда жүргізілген кезде шамамен 2,5 млн әскери міндетті мен әскерге шақырылушы есепте болған. Цифрлық форматқа өткеннен кейін тиісті мемлекеттік органдар ақпараттық жүйесінің интеграцияланған өзара іс-қимылы есебінен біз 16-60 жастағы ер азаматтарды 100% қамтып, оның ішінде 3,6 млн азамат әскери міндетті екенін анықтадық", –  деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Бұл ретте осы азаматтарға ақпараттық жүйеден тұрғылықты жері, оқуы, жұмысы, диспансерлік есепте тұруы, мүгедектігі және т.б. туралы өзекті мәліметтер түсіп отырады.

Министрлік құрған ақпараттық жүйе мынадай жаңалықтарды іске асыруға мүмкіндік берді: ішкі көші-қон кезінде азаматтарды оның жеке қатысуынсыз автоматты түрде әскери есепке қою (жыл басынан бері шамамен 700 мың адам ("есепке қою" хабарламасы); жыл басынан бері 17 жастағы жігіттерді тіркеу автоматты режимде жүргізіледі (қазіргі уақытта 133 мыңнан астам азамат тіркелген).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу