Елімізде зейнетақы қаражатын алатындар қатары артты

Шілде айында өтініштер саны төрт есеге өсті.

Елімізде зейнетақы қаражатын алатындар қатары артты Фото: inbusiness.kz

Егер қаңтар-маусым аралығында БЖЗҚ-дан орта есеппен 7 млрд теңге шығарылса, шілдеде бұл сома 28,5 млрд теңгеге дейін өсті. Қаражаттың басым бөлігін қарт адамдар алған.

БЖЗҚ-ға өтініштердің өсуі Әлеуметтік кодекстің (1 шілдеде күшіне енген) маңызды жаңалықтарымен байланысты.

Ол зейнетақы қорын тұрғын үй жағдайын жақсартуға, өзінің, жұбайының немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеуге пайдалану. Бұл ретте кейбір зейнеткерлер барлық зейнетақысын ала алады. 

Қазақстан Республикасында зейнетақы алатын және тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін жинақ ақшасын алуға құқығы бар барлығы 62 398 салымшы бар. Олардың жинақтарының жалпы сомасы 91,04 млрд теңгені құрайды.

Шілде айында 18,4 млрд теңгеден астам сомаға 10 141 адамның (кейбіреулер бірнеше өтініш берген) 10 788 өтініші орындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу