Елімізде зейнетақы көлемін 7%-ға арттыру ұсынылды

514

Қаржы министрлігі "2021-2023 жылға арналған республикалық бюджет"  туралы заң жобасына осындай ұсыныс енгізді.  

Елімізде зейнетақы көлемін 7%-ға арттыру ұсынылды

Қазақстанда  2021 жылдан бастап зейнетақы көлемін 7 пайызға арттыру керек.  Қаржы министрлігі "2021-2023 жылға арналған республикалық бюджет"  туралы заң жобасына осындай ұсыныс енгізді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы - 43 272 болады деп жоспарлануда. Ал қазір ол – 40 441 теңге. Бұдан бөлек, құжатта келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік  сақтандыру мөлшері 1,6% болу керек деп көрсетілген. Сондай- ақ әскерилер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен құқық қорғау саласының мамандарына ай сайын төленетін коммуналдық төлем 3 739 теңге деп бекіту қажет. Аталмыш заң жобасы 4 қыркүйекке дейін қоғамның талқылауында болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу