Елімізде зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін

274

Себебі қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. 

Елімізде зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін Фото: kzvesti.kz

Үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы қорынан 3 триллион теңге мерзімінен бұрын алынғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда енді қазақстандықтар олай ақшасын шешіп ала алмауы мүмкін.

Базалық зейнетақы төлемін басқаша есептеу тәсілімен келісеміз. Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60 пайызына тең болуы тиіс. Екіншіден, сарапшылардың ұсынысы бойынша зейнетақы қорында жиналған ақшаны ерте шешіп алуды тоқтату керек. Біз де мұнымен келісеміз. Себебі қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек, - деді Светлана Жақыпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу