Қаңтар айында Қазақстанда жылдық мәнде зергерлік бұйымдар мен сағат 4,3% қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бұл ретте елімізде бағалы зергерлік бұйымдар өндірісі азайды. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында зергерлік және сол тектес бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмендеген.
Осылайша былтырғы 12 айда қазақстандық компаниялар 1,2 млрд теңгенің зергерлік және соған ұқсас бұйымын өндірген (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан – 1,4 млрд теңге)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу