Елімізде зергерлік бұйымдар нарығы көлеңкеде қалып отыр

943

Қазақстан алтын өндіру бойынша әлемнің ТОП-20 елінің қатарына кіреді.   

Елімізде зергерлік бұйымдар нарығы көлеңкеде қалып отыр Фото: weproject.media

Зергерлік отандық өндіріске алтынды ломбардтар мен көлеңкелі нарық қатысушылары жеткізіп отыр. Бұл туралы Сенат отырысында сенатор Ғұмар Дүйсембаев мәлімдеді.

Осы мәселеге орай, Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор зергерлік өнеркәсібін дамыту шараларын ұсынды,  деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан зергерлер лигасының бағалауы бойынша зергерлік бұйымдар нарығы 90% контрафактілік және контрабандалық бұйымдардан тұрады.

"Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылы елдің зергерлік бұйымдар нарығы

$ 76 млн құрады, оның тек $ 4  млн, яғни 5%-ы ғана отандық зергерлік бұйымдар өндірушілері өндірген.", - деді Ғұмар Дүйсембаев.

Сенатор елдегі зергерлік өнеркәсіпті дамыту үшін бірқатар шаралар ұсынды.

"Жұмысты көлеңкелі импортқа қарсы күресті күшейту және контрабанданы шектеу, қаржылық және қаржылық емес ынталандыру шараларын енгізу арқылы қазақстандық зергерлік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ломбардтардың пайдалануда болған зергерлік бұйымдарды тек қана ішкі нарыққа өткізуін міндеттеу, отандық зергерлердің құзыретін күшейтуді ұсынамын", - деді Ғұмар Дүйсембаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу