Жалпы біздің елдің тұрғындары қылмыскерден зәбір көрсе, полицейге барып шағымдана бермейді екен, деп хабарлайды "Хабар 24".
Шетелдік сарапшылар арнайы зерттеу жүргізіп, осындай қорытынды шығарған. Сауалнамаға 4 мың адам қатысқан. Соның тек 20%-ы бұзақылардан жапа шексе, құқық қорғау органдарына арыз айтады екен. Осыған қарап мамандар біздегі қылмыс деңгейі ресми мәліметтерден жоғары болуы мүмкін деп топшылап отыр. Бірақ "Қазақстан – қауіпсіз ел" дегенмен келіседі.
Айта кеткен жөн, осы мамандар үкіметке 3 жыл бойы еліміздегі сот төрелігін реформалауға көмектесті.
"Азаматтардың 20%-ы ғана полицияға арыз түсіруі батыс елдеріндегі орташа есептік көрсеткіштен төмен. Онда тұрғындардың тең жартысы бірден құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінеді. Бірақ біздің зерттеу бойынша сіздердің елдеріңіздегі жалпы қылмыстық деңгей үнемі бақыланып тұрады. Себебі елдің әл-ауқаты жоғарғы қарқынмен артып келеді. Бірақ мұның салдарынан таяу арада біреудің мүлкін тоңау сынды қылмыс түрлері артуы мүмкін. Сондықтан полиция осы мәселені қадағалау керек", - дейді Тильбург университетінің виктимология профессоры Ян Ван Дайк.