Елімізде жалға алу секторы дамып жатыр

640

Жалға алу, лизинг және жалға беру қызметтері бір жылда 14%-ға өскен. 

Елімізде жалға алу секторы дамып жатыр

2020 жылдың алғашқы төрт айында бұл қызмет түрінен түскен қаражат көлемі 161,9 млрд теңгеге жеткен. Былтырғы жылдан 13,6%-ға артық. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады. Өткен жылы нақты көлем индексі көрсеткіші 110,6% болған еді. 

Бұл сектордағы қызметтердің көбеюі осымен үш жыл қатарынан байқалып отыр. Ескере кететін жайт, жалға беру және алу, лизинг қызметтері көлемінің шамамен 80% үш өңірге тиесілі. Бұлар: Нұр-Сұлтан (60,9 млрд теңге), Атырау облысы (38.9 млрд теңге), Алматы қаласы (27,8 млрд теңге).

Дегенмен биыл жеңіл және  жүк автокөліктерін жалға беру көлемі азайған. Жеңіл көліктер бойынша биылғы көрсеткіш 16 млрд теңге, былтырғыдан 10,8%-ға аз. Жүк көлігі бойынша 14 млрд теңге, 2019 жылы бұдан 26,9%-ға көп болған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу