Сарапшылардың деректері бойынша, аталған уақыт аралығында әсіресе, Көкшетау (-8.1%), Орал (-6.8%) және Астанада (-3.6%) бағаның төмендегені байқалады.
Алматыда тұрғын үйді жалға алу бағасы 2.8%-ға төмендеді.
Бұл ретте Қарағанды мен Қостанайда төлем керісінше 1-3%-ға өсті.
Пәтерді жалға алу құнының жалпы төмендеуіне қарамастан, дүрбелеңге дейінгі кезеңмен салыстырғанда (қыркүйек айының басында) Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы орта есеппен 13.8%-ға өсті.
Ең жоғары өсім Қостанайда (+30.9 %), Алматыда (+23.8 %), Павлодарда (+22.2%) байқалады. Астанада 1 қыркүйекпен салыстырғанда жалға алу қазір 17.9%-ға қымбат.