Жаңа федерациясының президенті қызметіне панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Қайрат Мұқатов тағайындалды.
"Бүгінде Бирма боксы әлемнің көптеген елінде қарқынды дамып келеді. Жақында бокстың бұл түрі Қазақстанда да тіркелді. Енді Бирма боксы қазақстандық спортшылар одағы және жаңа Федерацияның қолдауымен дамиды", - деді Қайрат Мұқатов Нұр-Сұлтандағы өткен салтанатты жиында.
Сонымен қатар елордадағы Salahuddin спорт клубында
Бирма боксының бірінші спорт залы ашылды.
"Кез-келген спорт түрін дамыту күш-жігер мен еңбек керек. Сіздер осы спорт түрін елімізде қарқынды дамытасыздер деген үміттемін. Бұл залда чемпиондар тәрбиеленсін. Жұмыстарыңызға сәттілік, табыс тілеймін", - деді "Қазақстан спортшылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестінінің төрағасы төрағасы Азамат Қарлығашев.
Алдағы уақытта Бирма бокс федерациясы Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығына кіруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ федерация мүшелері осы жылдың мамырында Польшада өтетін әлем чемпионатына қатысады. Іріктеу турнирі Нұр-Сұлтанда өтеді. Онда 11 облыстың спортшылары бағын сынайды.