Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтерді жылдық 10,9%-дан басталатын мөлшерлемемен сатып алуға арналған өңірлік ипотекалық бағдарлама – "Орда Аймақ Плюс" іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты krisha.kz порталына сілтеме жасап.
Ипотека шарттары:
- Мөлшерлеме – жылдық 10,9%-дан 14,9%-ға дейін (ЖТСМ – 11,7%-дан 16,2%-ға дейін);
- Бастапқы жарна – 20%-дан бастап;
- Несие сомасы – 75 млн теңгеге дейін;
- Несиенің мерзімі – 20 жылға дейін.
Маңызды шарттар:
- қоса қарыз алушыларды тартуға болады;
- қосымша кепіл талап етілмейді;
- ипотекаға сатып алынатын пәтердің өзі кепіл ретінде рәсімделеді.
"Орда Аймақ Плюс" бағдарламасы Қазақстан тұрғын үй компаниясы кепілдік берген өңірлердегі жаңа тұрғын үй кешендеріне арналған. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында Өскемен қаласындағы "Престиж" тұрғын үй кешенінен пәтер таңдауға болады. Алдағы уақытта бағдарламаға басқа да нысандар қосылады деп күтілуде.
"Орда Аймақ Плюс" бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты Қазақстан тұрғын үй компаниясының байланыс орталығы арқылы алуға болады: +7 (7172) 79-75-75.