Елімізде жаңа көліктердің сатылымы 4,9% артты

2022 жылдың қаңтар-қазанында қазақстандықтар 97 737 бірлік темір тұлпар сатып алды.  

Елімізде жаңа көліктердің сатылымы 4,9% артты Фото: inform.kz

2022 жылдың қазан айында 9 870 жаңа жеңіл автокөлік пен 865 коммерциялық көлік сатылды, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 4,9%-ға көп. 

2022 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда барлығы 97 737 дана сатылды. Былтыр осы кезеңде көрсеткіш 96 848 бірлік болған.

Қазан айында ең көп Chevrolet, Hyundai маркалы көліктер саудаланды (3137 және 2072). Көрсеткіш 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда 22% жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу