Елімізде жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын көлік бағасы да төмендейді – министр

306

Отандық зауыттар жыл сайын көлік маркаларының қатарын көбейтуде. 

Елімізде жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын көлік бағасы да төмендейді – министр Фото: Үкімет

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанда құрастырылатын көліктердің бағасына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер елімізде қытайлық көліктер бағасының төмендеуіне отандық өндіріс әсер етті ме деп сұрады.

"Өздеріңізге белгілі, қазақстандық зауыттар жыл сайын көлік маркаларының қатарын ұлғайтып отыр. Жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын сәйкесінше автокөлік бағасы да төмендейді. Мұны нақты айта аламын. Жалпы отандық автокөлік өндірісі қытайлық көліктердің бағасының төмендеуіне ықпал етеді деуге болады", – деді министр Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында.

Ведомство басшысының сөзінше, 2025 жылдың қаңтар айындағы деректер бойынша елдегі автокөлік бағасының өсу индексі 105,4% болған. Ал отандық көліктер бойынша баға өсімі 101,9% деңгейінде қалыптасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу