Елімізде жаңа мереке пайда болады

614

Ашық НҚА порталында жаңа қаулының жобасы шықты.

Елімізде жаңа мереке пайда болады Фото: pixabay

Қазақстанда қараша айының екінші бейсенбісі Сапа күні мерекесі болып бекітіледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Аталған мереке дүниежүзілік қауымдастық – 1989 жылдан бастап жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сапа күніне орай теңестірілді.

"Мұны БҰҰ қолдауымен Еуропа, Америка және Жапон сапа ұйымдары құрды. Мерекенің мақсаты –жыл сайынғы әлемде түрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың мақсаты - тұрақты дамуды және азаматтардың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, қоғамды басқарудың жоғары сапасының маңызын атап өту", делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Құжат 15 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу