Елімізде жаңа оқу жылында 55 мың оқушыға арналған 39 жаңа мектеп ашылады

395

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елімізде жаңа оқу жылында 55 мың оқушыға арналған 39 жаңа мектеп ашылады Фото: gov.kz

2023 жылдың соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарлануда

Сондай-ақ, 194 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, сондай-ақ қосымша 749 пәндік кабинет сатып алынады.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестиция есебінен 30 мың орындық 26 мектеп ашылады. Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарлануда.

Айта кетерлігі, мемлекет жыл сайын мектептердің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына қаржы бөліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу