Елімізде жаңа пәтерлер 8%-ға қымбаттады

987

Қазақстан риэлторлары қауымдастығы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуін болжайды. Осы жаздың өзінде пәтерлер 10% арзандауы мүмкін. 

Елімізде жаңа пәтерлер 8%-ға қымбаттады

Тұрғын үйге қол жетімділік, яғни жылжымайтын мүлік бағасының ең төменгі коэффициенті бойынша елдер тізімінде Қазақстан 109 мемлекеттің арасында 35-орынға ие болды. Республиканың индексі 9,63 құрады (бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы), деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Осылайша Қазақстан ЕАЭО-ның барлық елдерінен, сондай-ақ оңтүстік көршісі Өзбекстаннан да алға шықты.  Рейтингте Сауд Арабиясы, Пуэрто-Рико және Оңтүстік Африка көш бастаса, ал Сирия ең соңғы орында.

Сонымен қатар 2021 жылдың 22 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан қала орталығындағы ең арзан пәтерлер рейтингінде 9-орынға ие болды (шаршы метр үшін 950,88 доллар), орталықтан тыс жердегі үйлер тізімінде - 13-орында (шаршы метр үшін 640, 44 доллар). 

Наурыз айындағы жағдай бойынша елімізде тұрғын үйді сатып алу-сатуға негізделген 52,7 мың мәміле жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе жоғары.

Аймақтар арасында ең көп мәміле Маңғыстау облысында жасалды: 9,9 мың - бір жыл бұрынғыдан 8,9 есе көп.  Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан мен Алматы тұр.

Ал транзакциялардың ең азы Солтүстік Қазақстан облысында жасалды: 687 болса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,7 аз.  Солтүстік Қазақстан облысы биылғы жылы сатып алу-сату мәмілелерінің саны төмендеген жалғыз аймақ болғанын атап өткен жөн.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес наурыз айында жаңа тұрғын үйлердің орташа бағасы бір шаршы метр үшін 324,5 мың теңгені құрап, бір жыл ішінде 8,4%-ға өсті.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде пәтерлер бағасы - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ең жоғары, ал Таразда керісінше ең арзан. Республикаданың барлық  ірі қалаларында пәтерлердің бағасы өсті, тек Атырау, Семей және Ақтау қалаларын қоспағанда.

Қазақстан риэлторлары қауымдастығы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуін болжайды. Осы жаздың өзінде пәтерлер 10% арзандауы мүмкін.  Сатушылар арасындағы алыпсатарлық зейнетақы төлемдерін пайдалану арқылы жасалған операциялардың төмендеуі кезінде аяқталады.  Қазақстандықтар көбінесе өздерінің зейнетақы жинақтарын қолданыстағы ипотекалық несиелерді төлеу үшін пайдалануда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу