Елімізде жаңа саяси партия тіркелді

757

"Байтақ" партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы аталған саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады inbusiness.kz.  

Елімізде жаңа саяси партия тіркелді Фото: facebook/Азаматхан Әміртай

"Әділетті Қазақстанға сенімді қадам - "Байтақ" жаңа партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан көппартиялы жүйе құру тапсырмасы болды. Айтылды - орындалды! Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясы - нағыз халықтың қолдауымен, қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған "Байтақ" партиясы", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Бұл ақпаратты еліміздің Әділет министрлігі де ресми түрде растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу