Елімізде жаңа суперкомпьютер іске қосылады

100

Республикада деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізілуде. 

Елімізде жаңа суперкомпьютер іске қосылады Фото: habr.com

Қосшы қаласында Алматыдағы орталықтан 3 есе қуатты суперкомпьютерді іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта "Қазақтелеком" АҚ еліміздегі деректерді өңдеу орталықтарының ең ірі желісін басқарады. Олар – 1,7 мыңнан астам серверлік тірек, қуаты – 25 МВт, нарықтың 47%-ы тиесілі.  

Өткен жылдың қазан айында Алматыда өнімділігі 1,5 петафлопс болатын AI-Farabium суперкомпьютері іске қосылды. Бүгінде ол әлемдегі ең өнімді суперкомпьютерлер арасында 103-орында тұр, оның есептеу қуаты 100% жүктелген.

"Сондай-ақ, деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізілуде, биыл қараша айында Қосшы қаласында Алматыдағы орталықтан үш есе қуатты суперкомпьютерді іске қосу жоспарлануда", – деп атап өтті Бағдат Мусин.

Бұдан басқа "Қазақтелеком" Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын салу жөніндегі жобаның операторы болып белгіленді. 20-дан астам гиперскейл-компаниялармен келіссөздер жүргізілуде, 100 МВт-тан астам алдын ала сұраныс жасақталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу