Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламалары әзірленеді

3270

Президент Қасым-Жомар Тоқаев елімізде үй алуды жеңілдету үшін жаңа тұрғын үй бағдарламалары әзірленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламалары әзірленеді

Ол тұрғын үй мәселесі қазақстандықтар үшін маңызды екенін атап өтті.

"Баспана хит" және "7-20-25" сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған байланысты бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді. Ұлттық даму институтына айналатын "Отбасы банкі" оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында бір терезе қағидаты бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу