Елімізде Жаңа жыл түні 181 сәби дүниеге келді

335

Ең көп нәресте Түркістан облысында туылды.

Елімізде Жаңа жыл түні 181 сәби дүниеге келді Фото: diez.md

Қазақстанда жаңа жыл түнінде 181 сәби өмірге келді: 105 ұл бала және 76 қыз бала. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маңғыстау облысында жаңа жыл қарсаңында егіздер дүниеге келсе, Түркістан облысында ең көп нәресте тіркелді – 34 сәби. Бұл аймақ жаңа жыл түніндегі туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр",  делінген хабарламада.

Екінші орынды Алматы қаласы мен Алматы облысы бөлісті – бұл өңірлерде 17 сәби дүниеге келді. Ал үшінші орында Шымкент тұр. Мұнда 16 отбасы жаңа жылды отбасындағы жаңа мүшемен қарсы алды.

Астана қаласында 10 сәби дүниеге келді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен бірдей.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу