Елімізде жанармайды көп қажет ететін техника көбейген

796

Олардың саны 90 мың бірлікке жетіп отыр.  

Елімізде жанармайды көп қажет ететін техника көбейген

Елдегі көліктердің жартысынан астамы 10 жыл бұрын шығарылған. Бұл ­–  шамамен 2 млн 400 мың темір тұлпар, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы Қазақстандағы жеңіл көліктердің саны жылдың алғашқы екі айында 3 млн 700 мыңға дейін азайған. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 4,6 процентке кем.

Елдегі барлық көліктің 3,5 млн-ы жеке тұлғалардың атына рәсімделген. Яғни былтырғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 5 пайызға кем.

Осы жылдың ақпан айында елде 77 мың 800 жеңіл көлік тіркелген. Оның шамамен 97 пайызы жеке тұлғаларға тиесілі. 2019 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда тіркелген темір тұлпар саны 3,7 пайызға азайғанын байқауға болады. Ал өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,7 пайызға ұлғайған.

Айта кетейік, шығарылғанына 10 жыл толған көліктердің саны бір жыл ішінде 0,4 пайызға өскен. Ал 3 пен 7 жыл аралығындағы темір тұлпар саны 25,7 пайызға артып, шамамен 567 мың бірлікке жеткен. 3 жылға дейінгі жаңа көліктердің саны жыл ішінде 32,2 пайызға кеміп, 381 мың 500 бірлікке дейін азайды. Ал қозғалтқышының көлемі бойынша 1,5 мен 2 мың текше см болатын жеңіл көліктердің саны 0,7 процентке азайып, 1 млн 700 мыңды құрады. Қызығы сол, жанармайды көп қажет ететін техника саны 31 процентке дейін өсіп, 90 мың бірлікке жетіп отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу