Елімізде жаппай егін жинау науқаны жүріп жатыр

448

Қазақстандық шаруалар 3 млн га астық немесе жоспардың 17,6% жинады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елімізде жаппай егін жинау науқаны жүріп жатыр Фото: canva.com

Бүгінгі таңда 3,2 млн тонна астық бастырылды, бұл ретте орташа өнімділік 10,7 ц/га құрайды. Ең жақсы өнімділікті 18 ц/га көрсеткішімен Түркістан облысы көрсетіп отыр.

Сондай-ақ бүгінгі таңда өнімділігі 7,1 ц/га болатын 30,9 мың тонна майлы дақыл бастырылды, 511,6 мың тонна картоп, 1,6 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Жинау техникасының дайындығы 100% құрайды. Шаруалардың иелігінде 149,9 мың трактор, 38,6 мың астық жинайтын комбайн, 13,5 мың орақ және 140,3 мың бірлік басқа техника бар.

Егін жинау науқанына арналған 426 мың тонна жеңілдікті дизель отынының 132,5 мың тоннасы (31%) жөнелтілді.

Биыл "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрады. Қаражат толығымен игерілді.

Сондай-ақ "Азық-түлік корпорациясы" арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 21,2 млрд теңге, 528 мың тонна көлемінде көктемгі егіс жұмыстарын іске асыру және кейіннен қаржыландыру үшін тағы 60 млрд теңге тауарлық несиелеуге бағытталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу