2017 жылдың I маусмының қорытындысы бойынша, жарнама және нарықты зерттеу саласында көрсетілген қызмет көлемі 34,3 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды naryk.kz.
Бұл өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткіштен 24,9 пайызға артық.
Өңірлер бойынша осы саладағы өсім Астанада қарқынды. Жарнама және маркетинг саласында Астанада көрсетілген қызмет 2,7 есеге артып, 2,8 млрд теңгеге жетті.
Өсім қарқыны бойынша екінші орында Маңғыстау облысы. Ондағы нарық көлемі 2,7 есеге артып, 176,7 млн теңгені құрады. Ал БҚО мен Павлодар облыстарындағы өсім тиісінше 63 және 64 пайызды құрады.
Жалпы, республика бойынша, 8 өңірде жарнама мен маркетинг нарығы көбейген.
Ал ел бойынша жарнама мен маркетингтің ең үлкен үлесі Алматы қаласында. Ондағы нарық бір жылда 23,2 пайызға артып, 27,9 млрд теңгеге жетсе, бұл республика бойынша жалпы көрсеткіштің 81,3 пайызын құрайды.