Ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін еліміз миллардтаған доллардың тауарын басқа елдерден алған. Жалпы 2021 жылдың алты айында елімізге 18,3 миллиард доллардың тауары келген екен. Тек Ресей мен Қытайдың ғана тауарларының құны миллиард долларлап есептеледі. Ресейден 7,5 миллиард, Қытайдан 3,6 миллиард доллардың тауары келген. Одан кейін импорт көлемі бойынша Германия, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Италия және Оңтүстік Корея мемлекеттері кетеді. Сондай-ақ, Қазақстанға тауар тасымалдайтын негізгі тізімде Беларусь, Франция, Жапония, Үндістан, Украина және Польша елдері бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу