Елімізде жарылыстар ұйымдастырмақ болған "ДАИШ" жақтасына үкім шықты

1274

Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық сотының оны 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне енді.

Елімізде жарылыстар ұйымдастырмақ болған "ДАИШ" жақтасына үкім шықты

Алматыда теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікпен биылғы жылдың сәуірінде ұсталған А.Ж. Битимбаевқа қатысты үкім шықты.

Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық сотының оны 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне енді.

ҰҚК ақпаратына сүйенсек, азамат А.Ж. Битимбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша ұсталған. Ол "ДАИШ-тің" үгіттеуімен халық шоғырланған жерлерде жарылыс жасамақ болыпты. Әрекетін іске асырған соң, Сирияға барып содырларға қосылуды жоспарлаған.

Битимбаевтың кінәсі куәгерлік түсініктермен, заттай және өзге де дәлелдермен толықтай дәлелденген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу