Елімізде жасалған алғашқы қалқымалы бұрғылау қондырғысы жұмысты бастауға дайын

2504

Елімізде жасалған алғашқы қалқымалы бұрғылау қондырғысы жұмысты бастауға дайын

"Сәтті" деп аталатын өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысы барлық негізгі  сынақтардан өтіп, жұмыс істеуге дайын, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Бұл туралы агенттікке индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті Маңғыстау облыстық департаментінің бас маманы Ахан Тельманов мәлім еткен.

"Сәтті" қондырғысы өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сыналды. Нәтиже көрсеткендей, бұрғылау қондырғысы Каспийдегі түрлі табиғи жағдайларда жұмыс істеуге дайын", – деп атап өтті Ахан Тельманов.

Бұған дейін мәлім болғандай "Сәтті" қондырғысы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орналасқан "Ерсай Каспиан Контрактор" ЖШС аумағында орналасқан  құрғақ доқтан 2015 жылдың сәуірінде шыққан.

"Бұл қондырғы 80 метрге дейінгі тереңдікті бұрғылауға арналған. Мәселен, оны  тереңдігі 40 метрге жететін иран қайраңында пайдалануға болады", – деп атап өтті Ахан Тельманов.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов болса бұл екі верфьте – "Keppel Kazakhstan" ЖШС-нда және соңғы жұмыстары "Ерсай Каспиан Контрактор" ЖШС-да жүргізілген тұтастай Қазақстанда жасалған алғашқы бұрғылау қондырғысы екендігіне тоқталды.

"Дәл осындай жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл  теңіздегі мұнай технологияларын дамытуға жол ашады.  Қазақстанда теңіздегі бұрғылауды дамытуда біздің компаниялар бұдан да ірі жобаларды жүзеге асыратын болады", – деді Рақымбек Әміржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу