Елімізде жасөспірім қыздардың босану дерегі көбейіп барады

2126

Елімізде жасөспірім қыздардың босану дерегі көбейіп барады

Ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде жасөспірім қыздардың босану көрсеткіші 3,5 %-ды құраған. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 2,9 %-ды көрсеткен екен. Содан бері тұрақты түрде жоғарлаумен болған.

Жасөспірім қыз балалар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына зер салсақ, мезгілсіз жүкті болып қалғандардың 62 пайызы түсік жасатса, 38 пайызы босаныпты.

Еліміз бойынша жасөспірім қыздардың екіқабат болып қалу көрсеткіші Маңғыстау облысында (5,4%) жоғары болып отыр. Одан кейін Жамбыл(5,05%), Атырау облыстары (4,6%) тұр.

БҰҰ-ның алдын ала болжамдарына сүйенсек, 2020 жылға қарай Қазақстанда 9-15 жас аралығындағы қыз балалар саны 2,2 млн-ға жетпек. Ал 2030 жылы бұл көрсеткіш 2,6 млн болады болжануда.

"Елімізде жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау күрделі мәселелердің бірі. ЮНПФА-ның техникалық қолдауымен жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, жастардың 13,6 пайызы 15 жасқа жетпей алғаш жыныстық қатынасқа түседі. Ал 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 50 пайызы жыныстық қатынаста өмір сүретін көрінеді. Олардың бұл өмір салттары қауіпті және жасөспірімдер мұндай әрекеттердің соңы жақсылыққа апармайтынын ойланбайды. Оның салдары жасөспірімдердің арасында түсік жасатуды көбейтіп, жыныстық қатынаспен жұғатын ауруларға әкеп соғады", - дейді ЮНПФА бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі Ғазиза Молдақұлова.

Айта кетейік, елімізде жасөспірімдердің екіқабат болып қалу көрсеткіші Экономикалық және әлеуметтік даму ұйымына мүше елдердегі көрсеткіштен 6 есе жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу