Елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

941

Жалпы 12 өңірде жастарды жұмыспен қамту біржолға қойылса, 5 өңірде жұмыссыздық деңгейі керісінше артқан. 

Елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді, деп хабарлайды Аtameken Business. Ресми деректерге сәйкес,  биылғы жылдың бірінші тоқсанында екі қолға бір күрек таппаған жастардың саны шамамен  - 76 мың. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға төмен. Өңірлер бойынша салыстырғанда, жұмыссыздар саны Ақтөбе облысында айтарлықтай азайған. Қарағанды облысында да жағдай жақсарған. Ал үздік үштікті Солтүстік Қазақстан облысы түйіндейді. Жалпы 12 өңірде жастарды жұмыспен қамту бір жолға қойылса, тек 5 өңірде жұмыссыздық деңгейі керісінше артқан. Олардың көшін Алматы қаласы мен Алматы облысы және елордамыз бастап тұр.  Сондай-ақ, жұмыс іздеп жүргендеріне 1 жылдан асқандардың саны бірден 56 пайызға артқан. Адам санына шаққанда шамамен - 9 мың. Бұл - елдегі жұмыссыз жастардың 11 пайызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу