Елімізде "жасыл аймақта" екі өңір екі өңір ғана қалды. 8 өңір қауіпті "қызыл аймақта", қалған өңірлер "сары аймақта", деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары "қызыл аймаққа" түскен.
Ал "сары аймақта" Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары тұр.
Қостанай мен Түркістан облыстарының эпидемиологиялық жағдайы "жасыл белдеуде".
Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде тағы 2719 адамнан коронавирус анықталды.