Елімізде жеке кәсіпкерлікті жабу тәртібі өзгереді

154

Салық берешегі болса, жеке кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылмайды.  

Елімізде жеке кәсіпкерлікті жабу тәртібі өзгереді Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Салық кодексіне енгізілетін түзетулер жобасына сәйкес, 2027 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы жеке салықтық өтінішті жою жоспарланып отыр,  деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей салық органына:

  • қызметті тоқтату туралы өтініш;
  • таратылатын салықтық есептілік тапсыруы керек.

Әдетте екі құжат қатар беріледі.

Жаңа тәртіп енгізілсе, кәсіпкерге таратылатын салықтық есептілікті ғана тапсыру жеткілікті болады. Есептілікте қызметті тоқтату туралы белгі қойылады. Құжат тапсырылған сәттен бастап салық органы бизнесті қызметін тоқтату кезеңінде деп есептейді.

Заң жобасының түсіндірмесіне сәйкес, қазіргі қызметті тоқтату туралы өтініштің нысаны корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы бойынша таратылатын есептілікке енгізіледі.

Сонымен қатар есептілікті толтыруға қойылатын талаптар күшейеді. Мысалы, онда бизнесті тоқтатудың тәсілі көрсетілмесе, салық органы есептілікті қабылдамауы мүмкін. Оның ішінде оңайлатылған тәртіппен аудиторлық тексеру немесе камералдық бақылау арқылы тоқтату тәсілдері көрсетіледі.

Өзгерістерді 2027 жылдың екінші жартысында іске қосу жоспарланып отыр. Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін жаңарту қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу