Елімізде жеміс пен көкөніс шырындары бір жылда 22,7%-ға қымбаттады

431

Бағаның ең жоғары өсімі Ақмола облысында тіркелді.

Елімізде жеміс пен көкөніс шырындары бір жылда 22,7%-ға қымбаттады Фото: Carico

Қазақстанда биылғы қаңтар-маусым аралығында 36,3 млн литр жеміс пен көкөніс шырындары өндірілді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда  1,4%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өндірістің 34,4 млн литрі жеміс шырындарының үлесіне тиді. Оның ішінде апельсин шырыны – 14,2 млн литр, алма шырыны – 7,3 млн литр, ананас шырыны – 985 мың литр.

Бұдан бөлек 1,8 млн литрден астам көкөніс шырыны шығарылды. Мұнда өндірістің барлық дерлік көлемі (1,8 млн литрден аз) қызанақ шырынына тиесілі.

Осы жылғы маусым айының қорытындысы бойынша жеміс пен көкөніс шырындарының бағасы бір жылда 22,7%-ға өсті. Жеміс шырындары 22,6%-ға, көкөніс шырындары 23,9%-ға қымбаттаған.

Республика бойынша табиғи шырын бағасы Ақмола облысында айтарлықтай өскен: +42,1%. Антилидерлер қатарында Батыс Қазақстан (37,2%-ға), Қызылорда (36%) және Жетісу (35,7%) облыстары бар.

Секторда ең аз қымбаттау Павлодар (+11,3%) және Қарағанды (+11,6%) облыстарында тіркелді.

Маусым айында табиғи шырын бағасы 1,8%-ға артты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу