Елімізде жемқорлар тізімі электронды түрде жарияланады

685

Елімізде жемқорлықпен қолға түскен азаматтардың тізімі электронды түрде жарияланады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Елімізде жемқорлар тізімі электронды түрде жарияланады

2018 жылдан бері көтеріліп келген бұл бастаманы құзырлы органдар тек биыл ғана құптаған. Соған сәйкес, енді Жемқорлыққа қарсы агенттік арнайы заң жобасын әзірлеуде. Құжат, 3 маусымға дейін қоғам талқысында болады. Жаңа тізім бармақ басты, көз қысты әрекетке барып, пара алғандарың ізін кесуге бағытталған. Сондай-ақ олардың мансап жолын бақылау үшін де қажет.

Айта кетейік, мұндай тәжірибе 4 жыл бұрын көрші Ресейде енгізілді. Электронды базада жемқордың аты-жөнінен бөлек, ата-анасы жайлы да ақпарат көрсетіледі. Бұдан бөлек, жұмыстан шығу себебі мен қандай заң нормасы бұзылғаны жазылады. Қазақстандық сарапшылар, игі шараны қолдағанымен, бұл істе аса қырағы болған жөн деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу