Елімізде жемқорларды бас бостандығынан айыруды талап ететін петиция пайда болды

490

Петиция авторлары сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тек айыппұлдармен жазаланбауы керек деп есептейді. 

Елімізде жемқорларды бас бостандығынан айыруды талап ететін петиция пайда болды Фото: timeskz.kz

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарға айыппұлдардың күшін жоюды ұсынатын петиция пайда болды. Петиция авторлары айыппұл төлеу оларды бостандыққа жіберуге мүмкіндік береді деп отыр. Оның орнына жемқорларды бас бостандығынан айырып, оған қоса айыппұл төлеуді талап ету керек делінген, деп жазады inbusiness.kz.

Петиция авторларының сөзінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаза "тым жеңіл".

"ҚР Қылмыстық Кодексіндегі 366-бапта (Пара алу) айыппұл түріндегі басым жаза көзделген. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкілеттіктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлік, мүлікке құқық немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы – бірінші кезекте айыппұлмен, содан кейін тек бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады.

Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін айыппұлдарды және аталған қылмыс үшін бостандыққа жіберуді алып тастауды талап етеміз. Бұл үшін бас бостандығынан айыру жазасы ғана болу керек. Сотталған мемлекеттік қызметші түрмеде отырып қана қоймай, айыппұл төлеуі үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға айыппұлдарды қосуды сұраймыз", - деп жазды петиция авторы Ажар Берікқызы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу