Елімізде жемпір өндірісі 9,7%-ға өсті

336

Дегенмен импорттың үлесі 99,3% көлемінде.

Елімізде жемпір өндірісі 9,7%-ға өсті Фото: smekalo4ka.ru

Осы жылдың 9 айында елімізде 138 мыңға жуық жемпір мен өзге де тоқыма бұйымы өндірілген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде 137.5 мың дана жемпір, жилет және басқа да тоқыма бұйым өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7% көп. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте - 125,3 мың дана өнім шығарылған.

Импорттың үлесіне жемпірдің 99,3% тиесілі болды – елге 20 млн дана киім әкелінді. Тоғыз айда импорт 34,8% өскен.

Ішкі нарықта 9 айда барлығы 19,9 млн дана өнім сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу