Елімізде Жеңіс күніне орай әскери шеру ұйымдастырылмайды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елімізде Жеңіс күніне орай әскери шеру ұйымдастырылмайды Фото: Turkystan.kz

Елімізде биыл Жеңіс күніне орай бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында әскери шеру ұйымдастырылмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанда 2023 жылы әскери шеру өткізу бюджетті үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланып отырған жоқ", - деп хабарлады министрлік.

Ведомствоның дерегінше, қазір Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін пысықтауға басымдық берілген.

"Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізуде, ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді мәңгі есте сақтау және олардың ерліктерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Басқа да іс-шараларды өткізу туралы ақпарат 7 және 9 мамырға дейін министрліктің сайтында жарияланады", - деп толықтырды Қорғаныс министрлігі.

Еске сала кетсек, 2020 және 2021 жылдары Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерулер коронавирустың таралу қаупіне байланысты ұйымдастырылмады. Сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында 2022 жылы шеру болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу