Елімізде жер қойнауын игеруге арналған алғашқы электронды аукцион тамызда өткізіледі

337

1-тамызда E-Qazyna.kz платформасында қатты пайдалы қазбаларды барлауға құқық беретін еліміздегі алғашқы электронды аукцион ұйымдастырылады.  

Елімізде жер қойнауын игеруге арналған алғашқы электронды аукцион тамызда өткізіледі Фото: gov.kz

Осыған дейін пайдалы қазбалар бойынша мұндай форматта аукцион өткізілмеген. 

Еліміздің минералды-шикізат базасын толықтыруға арналған сауданы ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп, оны өткізудің ережелері жан-жақты қаралып, тетігі әзірленді. Барлық учаске туралы ақпарат Қазақстан картасында көрнекіленіп, сондай-ақ статистикалық мәлімет пен басқа да деректер блогы қарастырылған. Электронды аукцион жер қойнауы игеру бағытын дамытып, инвестициялық тартымдылықты арттыруда маңызды қадам болып саналады.

Осы уақытқа дейін мемлекет ҚПҚ кен орындарын игеруге құқық беретін дәстүрлі аукциондарды өткізіп келгенін айта кетейік. Енді тамыздан бастап сауда форматы онлайн режимде қолға алынып, аукцион әлемнің кез келген жерінен қол жетімді болады. Бұдан басқа аукционға қатысушылар бір-бірін көрмейді. Демек қандай да бір уағдаластықты алдын алып, қатысушылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Нәтижесінде мемлекеттік қазынаны толықтыру үшін неғұрлым тиімді ұсыныстарға жол ашылады.

Аталған аукцион 1-тамызда сағат 10:00-ден басталады. Егер де сауда лоттар жабылғанға дейін қарқын алса, онда 17:00-ге (АСТ) дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу