Елімізде жер қойнауының цифрлық кадастры құрылады

322

Зерттеу жұмыстарының жалпы аумағы 100 мың шаршы шақырымнан асады.  

Елімізде жер қойнауының цифрлық кадастры құрылады Фото: gov.kz

Қазақстанда жер қойнауын геологиялық зерттеудің мемлекеттік бағдарламасы аясында бірыңғай цифрлық кадастр қалыптастырылып жатыр. Жұмысқа "Қазгеология" ұйымы қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әр перспективалы учаске бойынша геологиялық ақпаратты қамтитын электрондық төлқұжат жасалады. Компания жоғары дәлдіктегі позициялау жүйелерімен жабдықталған заманауи ұшқышсыз кешендерді пайдалана отырып, аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізіп жатыр.

Алынған деректер ел аумағын геологиялық зерттеу деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі болады. Биыл 11 өңірдегі 20 учаскеде 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілім басталды.

Геологиялық деректерді цифрландыру олардың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға, ақпаратты өңдеу және перспективалы аймақтарды дайындау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Жұмыстар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшылығымен жүргізілуде. 2027 жылдан бастап Қазақстан инвесторларға жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасы аясында дайындалған алғашқы учаскелерді аукционға шығаруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу