Магнитудасы 4.9 балдық жер сілкінісі туралы ТЖМ телеграм арнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жерасты дүмпуі Тараз қаласынан 126 шақырым шығыста және Луговой ауылынан 16 шақырым шығыста, 8 шақырым тереңдікте тіркелген. Жер сілкінісі туралы тұрғындар көптеген пікір қалдырса, кейбірі дүмпуді сәл ғана сезгенін жеткізген.
– ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 8 тамызында Астана уақытымен 14 сағат 30 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан, – деп жазды ТЖМ.
Еске салайық, бұған дейін ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС Сейсмикалық жағдай Жамбыл облысында тіркелгенін хабарлаған еді.